Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өтті

Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өтті

Бүгін Жұбанов университетінде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ерлік-ұрпаққа мұра» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

Іс-шараға университет басшылығы, факультет декандары, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.

Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров жиналғандарды мерекемен құттықтап, ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы екенін атап өтті.

Мерекелік кеште соғыс жылдарында жауынгерлік рухты көтерген патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды. Оқу орнының өнерпаздарының орындауындағы «Ән сал сарбаз», «Шекарашылар маршы», «Катюша», «Отан ана», «Синий платочек» тағы басқа әндер жиналғандарға жігер берді. Сонымен қатар талантты жастардың орындауындағы «Қайран біздің жігіттер», «Алға қазақ жігіттері» әндері ер-азаматтардың рухын көтерді. Сондай-ақ «BiGFam» би тобының бишілері көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.