Пятница, Март 15, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мектеп бітіруші түлектер назарына!

Мектеп бітіруші түлектер назарына!

ҰБТ-ға дайындығың қалай? Қанша балл алғың келеді?

18 мамыр күні сағат 14:00-де Математика-Физика, Математика-Информатика бейіндік пәндерін таңдаған 11-сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындалу бойынша мастер-класс өтеді.

Олимпиадалық және ҰБТ есептерінен тәжірибелі мамандар, жүлдегерлер мен бапкерлерден пайдалы кеңестер алу мүмкіндігін жіберіп алма!

МАТЕМАТИКА:
— «Learning» оқу орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Шерияздан Талғат Тұрарұлы — @learning.aktobe;
— «Математика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Иманчиев Асқарбек Ермекұлы.

ФИЗИКА:
— «Umit Education» оқу орталығының «Физика» пәнінің мұғалімі, магистр, педагог-зерттеуші Жылгелдин Сабыржан Жексенғалиұлы — @umit.education;
— PhD докторант, педагог-эксперт Тілеп Айжан Сержанқызы — @aizhan_t.s

ИНФОРМАТИКА:
— «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторант Төлеуов Тимур Жақсылықұлы;
— «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жұмағұлова Әлия Амангелдіқызы.

Сондай-ақ Heriot-Watt (және басқа да) университеттің талапкерлері үшін Essex университетінің (Ұлыбритания) түлегі, сертификатталған (CELTA) ағылшын тілінің оқытушысы Айғаным Сұлтановадан ағылшын тілінен кеңестер беріледі. — @edukit_astana.

Өтетін орны: Жұбанов университетінің Студенттер сарайы (Ә.Молдағұлова даңғылы, 34).

Барлығыңызды күтеміз!

Р.S. Алдын-ала 13:40-та келгеніңіз жөн.