Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің 21 студенті «Үздік студент» атанды

Жұбанов университетінің 21 студенті «Үздік студент» атанды

Бүгін Жұбанов университетінің белсенділері «Zhubanov Students award`s» қорытынды кешін өткізді.

Іс-шарада университеттің әлеуметтік және қоғамдық саяси өміріне белсене атсалысып жүрген үздік студенттер марапатталды.

Университет ректоры Лаура Қарабасова жастардың қолайлы ортада сапалы білім алуы университеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оқу орнының басшысы белсенді жастардың жетістіктеріне тоқталып, халықаралық, республикалық додаларда, сонымен қатар университеттің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып жүрген білім алушыларға алғысын жеткізді.

Салтанатты кеште ректор 21 студентке «Үздік студент» төсбелгісін және бірқатар студенттерге Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар белсенді жастар Басқарма мүшелерінің және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, бұл кеште «Үздік зияткерлік клубы», «Үздік шығармашылық клубы», «Үздік жастар саяси клубы», «Үздік мәдениет клубы»,«Үздік би клубы», «Үздік спорт клубы», «Үздік Сенат», «Үздік FreshMan» номинациялары бойынша үздік үйірмелер анықталды.

Кеште университеттің «Mad Vibe», «ArsuStars», «BigFam» би топтары және «IUVENTA», «Е.YEAH», «MidMar» топтарының әншілері өнер көрсетіп, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.