Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Серіктестік нығая түсті

Серіктестік нығая түсті

Жұбанов университетінің өкілдері «Kazakhoil Aktobe» компаниясының кеңсесіне барып, жұмысымен танысты. Компанияның бас директоры Чжао Цзичэньмен серіктестік бойынша кезекті кездесу өткізілді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық қарым-қатынасты жүйелеу мақсатында жасалған жол картасын талқылады. Соның ішінде мемлекеттік деңгейде шешімін талап ететін «Көкжиде» кен орны, бірлескен жобаларды ұйымдастыру, студенттердің өндірістік тәжірибесін жаңа форматта өткізу мәселелері бойынша сөз қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын «Kazakhoil Aktobe» компаниясының басшысы университетке арнайы келіп, оқу орнының басшылығымен бірлескен жобаларды талқылаған болатын. Жиында компанияның бас директоры Чжао Цзичэнь университетпен ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін айтты.