Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қоғамдық қабылдауға жүгініңіз!

Қоғамдық қабылдауға жүгініңіз!

Қоғаммен кері байланысты нығайту және жастардың мұң-мұқтаждарына, мәселелеріне, қалауларына дер кезінде назар аударып отыру мақсатында Жұбанов университетінде Қоғамдық қабылдау қызметі жұмыс жасап келеді.

Сіз аталған қызметке жоғары білім беру жүйесіне қатысты мәселелер бойынша ойыңыз немесе ұсынысыңыз болса кез келген кезде жүгіне аласыз.

Негізгі мақсат – ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, оқытушылар мен студенттер, сондай-ақ тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, олардың сенімдерін нығайту.

Жұмыс күндері: Дүйсенбі – жұма, сағат 08.30-18.00

Мұхтар Арын атындағы Бас оқу ғимараты. 2-қабат, 200Б кабинет.