Пятница, Май 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ағылшын тілі курсын аяқтаған университет оқытушылары мен қызметкерлеріне сертификаттар табысталды

Ағылшын тілі курсын аяқтаған университет оқытушылары мен қызметкерлеріне сертификаттар табысталды

Бүгін Жұбанов университетінде ағылшын тілінің Beginner, Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-intermediate деңгейлік топтарында  курсты сәтті аяқтаған оқытушылар мен қызметкерлерге сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, көптілді білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыру,  ағылшын тілінде оқытылатын арнайы топтарды дайындау, университет профессор-оқытушылары және қызметкерлерінің тілдік құзыреттіліктерін дамыту мақсатында өткен оқу жылынан бастап интенсивті ағылшын тілі курстары ұйымдастырылып келеді. Үстіміздегі  оқу жылында өткізілген екі кезеңдік курста 100-ден астам оқытушылар мен қызметкерлер курсты сәтті аяқтап, ағылшын тілін меңгерді.

Аталмыш курсты халықаралық деңгейдегі CELTA, IELTS cертификаттары бар оқытушылар жүргізді.