Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте студенттерді және қызметкерлерді идентификациялау жүйесі енгізілді

Университетте студенттерді және қызметкерлерді идентификациялау жүйесі енгізілді

Кез келген жоғары оқу орны үшін қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орында екені белгілі.
Осыған орай Жұбанов университетінің барлық оқу ғимараттары және жатақханаларының кіреберісіне турникеттер орнатылған болатын.

Енді қызметкерлер мен студенттер турникеттен жеке карточкалары арқылы өтетін болады.

Қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Қайрат Амановтың айтуынша, карточкаға әр адамның дербес дерегі енгізіледі. Карточка арқылы адамның келген-кеткен уақыты қадағаланады.

«Турникет – қауіпсіздікті бақылаудың тиімді тәсілі. Мәселен, басқа жатақхананың студенті карточкасымен келесі жатақханаға өте алмайды. Біздің міндетіміз қызметкерлер мен студенттердің қауіпсіздігінің алдын алу. Қазіргі таңда карточкалар дайын, университет басшылығынан бастап таратуды қолға алып жатырмыз»,- дейді қауіпсіздік қызметінің басшысы.