Бүгін Жұбанов университетінде өңірдегі мәдениет және өнердің дамуына үлес қосып жүрген сала өкілдеріне құрмет көрсетілді.
Университет ректоры Лаура Қарабасова ұлттық құндылықтар, қазіргі тенденциялар ұрпаққа өнер арқылы берілетініне тоқталып, мәдениет пен өнер тәрбиенің мықты құралдарының бірі екенін атап өтті.
Ректор кездесуге келген сала өкілдеріне университет әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізіп, алғысын білдірді.
Жиында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филормониясы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Шығармашылық академиясы, Облыстық халық шығармашылық орталығы, «Геолог» мәдениет үйі, Ақтөбе тігін фабрикасы тағы да басқа оқу орнымен ынтымақтастықта жұмыс жасап келе жатқан орталықтардың басшыларына Ректордың алғыс хаты табыс етілді.
Кездесуде кәсіби-шығармашылық факультеті студенттерінің туындыларынан дефиле көрсетілді. Сонымен қатар талантты жастар өнер көрсетіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.