Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университеті базасында ашылатын Шотландияның Heriot-Watt университеті филиалына оқуға түскісі келетін мектеп бітіруші түлектердің алғашқы легі осы жылдың 29 сәуір күні ағылшын тілі емтиханын тапсырды.
Енді кезекті емтихан 18 маусымда өткізіледі. Айта кетейік, бұл IELTS сертификаты жоқ немесе тестілеу нәтижелерінің мерзімі өткен оқушылар үшін арнайы IELTS форматында болады. Сонымен қатар бірінші кезеңде ағылшын тілі емтиханынан толық нәтижеге қол жеткізе алмаған оқушыларға да қайтадан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Тілдік емтиханға тіркелу үшін Жұбанов университетінің zhubanov.edu.kz ресми сайтының басты бетіндегі QR-код бойынша өтіп, нысанды толтыру қажет. Емтиханнан бір апта бұрын ұйымдастырушылар барлық тіркелген оқушыларға қоңырау шалып, хабарлайтын болады.
Тіркеу 17 маусым сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Емтихан 18 маусым күні Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 мекен-жайы бойынша өтеді. Басталуы: сағат 9.00.
Сізде өзіңізбен бірге жеке куәлік, қарындаш және қалам болуы керек. Сонымен бірге тек 500 мл су бөтелкесін әкелуге рұқсат етіледі.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Ең үздік еуропалық университетке түсудің бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін +7 778 550 91 95 телефон нөмеріне хабарласуға болады.