Бүгін Жұбанов университетінде «Түлектер тоғысуы» форумы өтті.
Форумда «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының алғашқы түлектері мен аталмыш мамандықты бітіргелі отырған биылғы жылдың түлектері кездесті.
Айта кетейік, оқу орнында 1989 жылы ұлт ұстазы Мұхтар Арыновтың бастамасымен ашылған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған алғашқы түлектерге биыл 30 жыл толып отыр.
Кездесуде түлектер оқу ғимаратын аралап көріп, альма-матерлерінің заманауи талаптарға сай өзгергенін атап өтті. Сабақ берген ұстаздарымен жүздесіп, естеліктерімен бөлісті. Филология факультетінің қазіргі таңдағы келбеті, студенттерге жасалған жағдай, жастарға берілген үлкен мүмкіндіктер туралы талқылады.
Жылы жүздесуде аға буын түлектер жас түлектерге ақыл-кеңестерін беріп, таңдаған мамандықтарын сүюді, кәсіби деңгейге жетудің жолдары жайында айтты.