Бүгін Жұбанов университетінде жатақхананың қоғамдық-мәдени өміріне белсене атсалысып жүрген студенттер марапатталды.
Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Муханбеткалиев жатақхана тұрғындарының арасында да түрлі іс-шаралар, кездесулер, жарыстар жиі өткізіліп тұратынына тоқталып, жатақхананың өзіндік ішкі ережесінің сақталуында, жастар саясатын дамытуда белсенді студенттердің үлесі айырықша екенін атап өтті.
Салтанатты жиында бірқатар студенттерге Ректордың және Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың алғыс хаттары табыс етілді.
Ректордың алғыс хатын иеленген белсенді студенттердің бірі Нұргүл Суесенова қуанышымен бөлісті.
- Жатақхана — студенттердің екінші үйі. Мен өзім осы жатақханада тұрып келе жатқаныма үшінші жыл. Бізде жатақханаларда барлық жағдай жасалған. Әсіресе достарыңмен бірге түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, жатақхана тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу өзіме қатты ұнайды. Бізге үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, қолдау танытып жатқан университет басшылығына алғысым шексіз, — дейді ол.