Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жас мамандарды кәсіби дамытуға бағытталған келіссөз жүргізілді

Жас мамандарды кәсіби дамытуға бағытталған келіссөз жүргізілді

Жұбанов университеті мен «Ақбөбек» халықаралық мектебі арасында жас мамандарды кәсіби дамытуға бағытталған “4-7-20” жобасы бойынша келіссөз жүргізілді.

«4-7-20» жобасы бұл — 4 жыл оқыту, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы ұсынған мұғалімнің тиімді 7 критерийі және 20 жас маман.
Жобаның мақсаты — тиімді оқу мен оқытуды жүргізе алатын критериалды бағалаудың қағидаттарын меңгерген, өз тәжірибесіне зерттеу жүргізе алатын кәсіби білікті маман тәрбиелеу.

Келіссөз барысында университет өкілдері мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, мектеп басшылығы және жоба жетекшілерімен алдағы бірлескен жұмыстар бойынша талқылаулар жүргізді.

Нәтижесінде жобаға 2023-2024 оқу жылында педагогикалық мамандық бойынша білім алатын 4 курс студенттері қатысатын болды. Жоба бойынша студенттер білікті мамандардан тәжірибе жинақтап, практика жүзінде біліктіліктерін арттырады.