Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Балаларға қуаныш сыйлаған күн

Балаларға қуаныш сыйлаған күн

Бүгін Жұбанов университетінің білім алаңы бүлдіршіндердің әдемі күлкісіне бөленді.

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай университеттің кәсіподақ ұйымы қызметкерлер мен профессор-оқытушылардың балаларына
ойын-сауыққа толы іс-шара ұйымдастырды.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев жылы лебізін білдіріп, Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасованың атынан құттықтауын жеткізді.

Думанды кеште балалар өлеңдер айтып, өнерлерін ортаға салды. Мерекенің шырайын келтірген мультфильм мен ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндерге қызықты ойындар ойнатты. Сонымен қатар кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері балаларға түрлі грим жасап, сүйікті кейіпкерлерінен беттеріне, қолдарына суреттер салып берді.

Іс-шара соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, сыйлықтар тарту етілді.