Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстан Республикасы Президент атындағы стипендияға құжаттар қабылданады

Қазақстан Республикасы Президент атындағы стипендияға құжаттар қабылданады

3-4 курс студенттерінің және 2 курс магистранттарының назарына!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан Республикасы Президент атындағы стипендияға құжаттар қабылдайды.

Қажетті құжаттар SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы 2023 жылдың 5-15 маусым аралығында қабылданады.

Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі:

  1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
  2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

  1. Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
  2. 4. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.
  3. Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.
  4. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу осы Ереженің 1,2 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:

— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

— бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.

Қажетті  құжаттар:                                                          

— транскрипт;

— грамоталар, сертификаттар, т.б.;

— жеке куәлігінің көшірмесі.