Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Білім > Университет ректоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жоғары марапатымен марапатталды

Университет ректоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жоғары марапатымен марапатталды

Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова отандық білім саласын дамытудағы ерекше еңбегі үшін «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталды. Университет басшысына бұл марапат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен Қазақстан патриоттарының республикалық форумында табысталды.

Оған еліміздің атын әлемге танытып, қоғамға ерлік істерімен отансүйгіштікті дәріптеп жүрген белгілі қазақстандықтар, белсенді жастар мен танымал тұлғалар қатысты.

Жалпы, ұйымдастырушылар атап өткендей, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан немесе өзінің батылдығымен ерекшеленген үміткерлер арасынан 12 номинация бойынша үздіктер таңдап алынған.

Бірқатарын атап өтсек, «Білім және ғылым» бағыты бойынша Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова және биотехнолог, генетик Мақсат Жабағин, «Мәдениет және спорт» номинациясында бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және пианист Темірлан Бейсенбай «Жыл патриоты» атанды. Тағы да басқа «Медицина және Волонтерлік», «Ауылшаруашылық және өнеркәсіп», «Технология и Бизнес», «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» номинациялары бойынша Қазақстанның белсенді азаматтарына берілді.