Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Жаңалықтар > Университет ұжымы «Ғылым қоры» өкілдерімен кездесті

Университет ұжымы «Ғылым қоры» өкілдерімен кездесті

Жыл сайын «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы коммерцияландырудың перспективалы жобаларына гранттық қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні белгілі.

Бүгін Жұбанов университетінде акционерлік қоғам өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде меймандар гранттық қаржыландыру конкурсына қандай салалар бойынша кімдер қатыса алатыны туралы айтып берді. Сонымен қатар университет ғалымдары мен студенттерінің қандай жобалары грантқа үміткер бола алатындығына тоқталды.  Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптарды да атап өтті.

— Бізде «портфельде» 200-ге жуық жоба бар, оның 68-і өткен жылы гранттық қаржыландыруға ие болды. Бұл қандай да бір ғылыми қызметтің, яғни бастамашыл жобалар шеңберіндегі зерттеу жұмыстарының нәтижесі болуы керек. Сондықтан гранттық қаржыландыру конкурсына қатысудың барлық критерийлерін дұрыс түсіндіру маңызды. Студенттердің де оқытушылармен бірге осы конкурсқа қатысу белсенділігін арттыру керек. Бұл жастарға болашақта үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, — дейді «Ғылым қоры» АҚ технологияларды коммерцияландыру департаментінің менеджері Сәкен Қаженов.

Жиында университет оқытушылары спикерлерге сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.