Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Білім > Жұбанов университетінің 14 оқытушысы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

Жұбанов университетінің 14 оқытушысы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

Жұбанов университетінің тарихында бірінші рет профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің үлкен легі «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып отыр. Атаулы стипендияны иеленген 182 қазақстандықтың 14-і Жұбанов университетінің оқытушылары.

Атап айтсақ, Ғаламат Әребаев, Дилара Жұмағұл, Жандос Құдайбергенов, Сандуғаш Мұхтарова, Бибігүл Омарова, Сәуле Садыкова, Жанар Сартабанова, Зәмзагүл Сүлейменова, Ляззат Тастанова, Айгүл Махсутова, Мұрат Махамбетов, Зәмзәгүл Амангелдіқызы әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтетін болады.

Ал Әсел Куанышбаева мен Азат Каймолдиев үздік шетелдік жоғары оқу орнында магистратура және докторантура бойынша білім алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдау төрт лекте өтеді. Үшінші легі биылғы жылғы 7 шілдеге дейін жалғасады. Жыл соңына дейін тағы бір легі өтетін болады: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 тамыз бен 13 қазан аралығында жалғасатын болады.