Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Жаңалықтар > Университеттің үздік түлектері марапатталды

Университеттің үздік түлектері марапатталды

Жұбанов университетінің 2023 жылғы түлектеріне диплом табыстау рәсімі аяқталды.
Биыл 4 мыңға жуық түлек үлкен өмірге жолдама алды. Олардың қатарында 741 үздік түлек бар.

Бүгін Жұбанов университетінің Жастар аллеясына университеттің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысқан үздік Жұбановшылар жиналды.

Ректор Лаура Қарабасова университеттің оң имиджін қалыптастыруда және жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін әрбір жасқа жылы лебізін білдірді. Оқу орнының басшысы студенттерді әркез қолдауға дайын екенін жеткізіп, жаңашылдыққа және білімге құштар жастарды тәрбиелеудегі ата-ана рөлінің маңызын атап өтті.

Айта кетейік, үздіктердің кешінде бірқатар белсенді жастарға университет ректорының алғыс хаты табыс етілді.