Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Анкара Йылдырым Беязит университетімен бір қатар келісімге қол қойылды

Анкара Йылдырым Беязит университетімен бір қатар келісімге қол қойылды

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Анкара университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары — студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, бірлескен білім беру бағдарламалары, академиялық ақпараттармен алмасу, жарияланымдар, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру болып табылады.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ті арасында жасалған меморандум аясында Эразмус + халықаралық бағдарламасына қатысуға, білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, университеттер арасында «Мевлана» алмасу бағдарламасы хаттамасына қол қойылды. «Мевлана» академиялық бағдарламасы бойынша студенттер мен оқытушылардың алмасуы келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: экономика, менеджмент, психология, заң, шетел тілдері, тарих, металлургия, саясат, т.б.

Тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері және көп жылдық тәжірибесі бар Анкара университеті Түркиядағы жоғары білім саласында ерекше орын алады. Түркиядағы жоғары оқу орындары арасындағы рейтинг көрсеткіші бойынша 30-шы орында тұрады. Бакалавриаттан басқа магистратура, аспирантура, қашықтықтан оқыту, екі дипломдық оқу бағдарламасы да бар.