Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Білім > Білім беру гранты байқауына өтініштер қабылдау басталды

Білім беру гранты байқауына өтініштер қабылдау басталды

Бүгін еліміз бойынша жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру гранты байқауына  өтініштер қабылдау басталды.

Биыл талапкерлер құжатты екі түрлі әдіспен тапсыра алады. EGov арқылы онлайн форматта немесе жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады.

Жұбанов университетінде құжат қабылдау үшін талапкерлерге қолайлы жағдайлар жасалуда. Арнайы қабылдау комиссиясында 40-тан астам техникалық хатшылар қызмет көрсетуде. Сонымен қатар талапкерлерге өз-өзіне қызмет көрсету алаңы да ұйымдастырылды. Студенттер сарайының кіреберісіне орналасқан компьютерлер арқылы кез келген талапкерлердің құжаттарды онлайн тапсыруға мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, биыл оқу орнының базасында ашылатын Хериот-Уатт университетіне оқуға түсетін талапкерлерді қабылдау науқаны да басталды. Ағылшын тілін білетін, ҰБТ-дан шекті 50 балл жинаған және Математика-Физика, Математика-Информатика бейіндік пәндерін таңдаған талапкерлер Шотландиялық жетекші жоғары оқу орнына грантқа құжаттарын тапсыра алады. IELTS серитификаты жоқ талапкерлер үшін университетте 13-15 шілде аралығында ағылшын тілінен арнайы тегін емтихан өткізіледі.

 Жұбанов университетінің қабылдау комиссиясы 13-20 шілде аралығында сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайтын болады.

Мекен-жайы: Мұхтар арын атындағы бас ғимарат, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34

Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөмерлері арқылы ала аласыздар:

+ 7 778 550 91 95, + 7 776 786 1285, +7 747 518 35 83