Пятница, Май 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Heriot-Watt University өкілдері «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» компаниясында болды

Heriot-Watt University өкілдері «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» компаниясында болды

Бүгін Heriot-Watt университетінің өкілдері Жұбанов университеті басшылығымен бірге студенттердің өндірістік базасымен танысу мақсатында «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» компаниясында болып, жұмыс барысымен танысты.

«СНПС — Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнай-газ саласын тәмамдаған түлектерді жұмыспен қамтып отырған жергілікті қытайлық ірі мұнай өндіруші компаниялардың қатарында. Аталмыш компаниямен Жұбанов университеті бірнеше жылдардан бері тиімді ынтымақтастық орнатып келеді.

Меймандарды қарсы алған «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының көмекшісі  Чжао Эньцзе мырза британдық жетекші жоғары оқу орны туралы, филиалда оқытылатын білім бағдарламалары жайында қызығушылық танытты. Компания өзара байланысты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ынталы екенін атап өтті.

Кездесуде тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламалары, студенттердің өндірістік тәжірибесін тиімді ұйымдастыру,  практикалық сабақтар өткізу, ғылым саласындағы ынтымақтастық, ортақ жобалар мен жан-жақты қолдау мәселелерін талқылады.