Университет ғалымдарының тағы екі ғылыми жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды.
«Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасының доценті Мейрамгүл Есенғұлованың «Ақтөбе өңіріндегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану» тақырыбындағы жобасы және «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Құлтанбаеваның «Әзіл-оспақ дискурсындағы этникалық стереотиптер мен күлкі категориясы: салғастырмалы аспекті» тағырыбындағы жобасы 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы бойынша грант иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен Жұбанов университетінің үш ғалымының ғылыми жобасы гранттық қаржыландыруға мақұлданған болатын.
Ғалымдарымызды жетістігімен құттықтап, жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!