Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Хабарландырулар > Назар аударыңыз, конкурс!

Назар аударыңыз, конкурс!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыру  жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей, құжаттар 2023 жылғы 2 тамыз 2023 жылғы 16 тамызға дейін (сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін) қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі:  030000, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263, (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Әкімшілік ғимараты),  1 қабат, 3 кабинет («ПОҚ конкурсына» белгісімен)

Телефон:  8-702-269-55-27, 8-775-721-62-91

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің сайты: (http://zhubanov.edu.kz/)


Ағылшын тілінің оқытушысы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) жоғары білімнің болуы;

2) академиялық магистр дәрежесінің болуы (қолданбалы лингвистика бойынша магистр дәрежесінің/TESOL болуы артықшылық болып саналады);

3) ағылшын тілін меңгеру деңгейі CEFR (the Common European Framework of Reference for Languages) бойынша C1 және одан жоғары деңгейге (Advanced немесе Proficiency) сәйкес болуы керек. Ағылшын тілін білу жарамды IELTS және/немесе TOEFL сертификаттарымен және/немесе ағылшын тілінде оқытудың ресми тілі болып табылатын университеттің дипломымен расталады;

4) CELTA сертификаты (Pass A немесе Pass B нәтижелері бар сертификаттың болуы артықшылық болып саналады).

Правила конкурсного замещения ППС каз