Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Хабарландырулар > Жұбанов университеті бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Жұбанов университеті бос лауазымдарға конкурс жариялайды

«К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төмендегі кафедралардағы бос ваканттағы профессор-оқытушылар құрамына  конкурс  жариялайды:

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263.

Қызметтердің  негізгі мәні-факультетте  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруды ұйымдастыру.

Қызметтердің мақсаты – факультетте оқу-әдістемелік,  ғылыми-инновациялық жетістіктерге қол жеткізу; жеке тұлғаның ұлттық құндылықтар негізінде  дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасауды ұйымдастыру.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде университет сайтында бекітілген «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми-қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасу ережесіне сәйкес құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар  беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Профессор лауазымына қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, Білім және ғылым саласында сапаны қамтамамыз ету комитетінің шешімімен берілген немесе университеттің профессор/доцент ғылыми атағының және білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаны туралы куәліктің болуы.

Доцент лауазымына қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, Білім және ғылым саласында сапаны қамтамамыз ету комитетінің шешімімен берілген немесе университеттің профессор / доцент ғылыми атағының және білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаны туралы куәліктің болуы.

Аға оқытушы лауазымына қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі,  біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаны туралы куәлік,  ғылыми-педагогикалық  қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде оқытушы лауазымында 3 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жыл болуы.

Оқытушы лауазымына қойылатын талаптар: жоғары білімі,  мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жыл немесе  академиялық магистр дәрежесінің болуы.

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі-хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кешіктірмей, 2023 жылғы 16 тамыздан 2023 жылғы 29 тамызға дейін (сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін).

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Персоналды басқару департаментіне (3 кабинет) өткізу қажет. Тел. 8-705-604-77-26

21-kz