Среда, Май 22, 2024
Басты > Білім > Жұбанов университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Жұбанов университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін университет табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бірінші курс студенттері үшін маңызды күн. Жұбанов университетінің Білім алаңында өткізілген салтанатты жиын бірінші курс студенттерінің құрметіне арналды.

Университет басшылығы Батыс өңіріндегі жетекші жоғары оқу орнын таңдап, сенім білдірген студенттерге алғыс білдірді.

Айта кетейік, биыл Жұбанов университеті студенттерінің қатарын төрт мыңға жуық жас толықтырды. Олардың 1800-ден астамы мемлекеттік грант иегерлері.

Жиында жастарға университеттің студенттік парламент құрылымдары таныстырылып, «Үздік студент» төсбелгі иегерлерінің және оқу орнын әлемдік додаларда танытып жүрген спортшылардың шеруі өткізілді.

Жұбанов университетінің белсенді жастарының бірі, «Үздік студент» төсбелгісінің иегері Аманжол Ханиев бірінші курс студенттерін Жұбановшылар қатарына қосылуымен құттықтап, білім кілтін табыстады.