Жұбанов университетінің түлегі Гүлзат Көбенова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды.
Гүлзат Көбенова Жұбанов университетінде тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын Жұбанов университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасында оқытушы болып бастап, университетте деканның орынбасары, ғылыми хатшы, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Әр жылдарда ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы, қазіргі уақытқа дейін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы қызметін абыроймен атқарып, сапа талаптарын жоғарылатуға айтарлықтай үлес қосты.
Гүлзат Ізбасарқызын университет ұжымы атынан жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, отбасына амандық, мықты денсаулық тілейміз!