Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көңіл айтамыз!

Көңіл айтамыз!

Жұбанов университетінің «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының доценті Мұса Шаштыгарин 68 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Мұса Шаштыгарин көп жылдар бойы Жұбанов университетінде абыройлы қызмет атқарып, білім және ғылым саласының дамуында және ұрпақ тәрбиесінде елеулі еңбек сіңірді.

Жұбанов университетінің ұжымы Мұса Мұстафаұлының отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, университет ұжымының есінде.