Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тоғызыншы қыркүйекті Тоғызқұмалақ күні ретінде атап өтуді қолдады

Тоғызыншы қыркүйекті Тоғызқұмалақ күні ретінде атап өтуді қолдады

Жұбанов университетінде «Тоғызқұмалақ ойыны: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға университет ректоры Лаура Қарабасова, Тоғызқұмалақтан Ақтөбе облысы бойынша бас бапкер Бауыржан Төлегенов, Тоғызқұмалақтан Ақтөбе облысы бойынша жастар жаттықтырушысы Нұрбек Кабиев және спорт ардагерлері, мектеп мұғалімдері қатысты.

Университет ректоры Лаура Қарабасова ұлттық құндылығымызды әркез дәріптеу маңызды екеніне тоқталып, Ақтөбе облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығы үздіктер қатарында екенін атап өтті.

Басқосуда 9 қыркүйекті Тоғызқұмалақ күні ретінде атап өту ұсынысы талқыланып, жиналғандар бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ ұлттық ойынды дамыту, мектепке пән ретінде енгізу мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта тоғызқұмалақтан үш күндік оқыту семинарын өткізу жоспарланды.

Кездесуде бас бапкер Бауыржан Төлегенов «Тоғызқұмалақ ойыны-халқымыздың зияткерлік құндылығы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар
ойынның тарихына шолу жасалған бейнеролик көрсетілді.