Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде болды.
Министр ЖОО-ның қызметімен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Әрі қарай ол оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізіп, Қазақстанда жоғары білім мен ғылымды дамытудың негізгі басымдықтары туралы айтып берді.
Саясат Нұрбек университетке сапары аясында білім алушыларға «Отандық ғылым мен жоғары білім беруді дамыту» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға студенттік парламент өкілдері, олимпиада жүлдегерлері және ЖОО жатақханаларында тұратын студенттер қатысты.
💬«Біздің стратегиямыз – өңірлерде жоғары білім беруді жақсарту мен дамыту бағытында жұмыстар жүргізу. Қазір Ақтөбе тұрғындар санын алғанда Қазақстан қалалары арасында төртінші орында, бұл еліміздің халқы бойынша ең ірі облыстық орталығы. Аймақтың әлеуеті өте жоғары. Ақтөбені Батыс Қазақстанның студенттік орталығы деп санауға болады, жыл сайын Ақтөбе облысының жоғары оқу орындарына түсетін студенттер саны артып келеді. Сіздердің облысыңызда сапалы білім алуға, мансап құруға және өз бизнесіңізді ашуға барлық мүмкіндіктер бар, ең бастысы – оқу және өз мақсатыңызға қадам басу», – деді Саясат Нұрбек.
//aqtobegazeti.kz/