Понедельник, Июль 22, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге шетелдік ғалымдар дәріс оқыды

Студенттерге шетелдік ғалымдар дәріс оқыды

Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінде екі аптаға жуық уақыт бойы Ұлыбританияның Ноттингем университетінің PhD докторы Марат Қаратаев «Академиялық жазу» пәні бойынша 3 курс студенттеріне, ал Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің доценті Шакизада Ниязбекова «Бенчмаркинг» және «Мемлекеттік басқарудағы басқарушылық шешімдер» пәндерінен магистранттарға дәріс оқыды.

Студенттерге Марат Қаратаев Ұлыбританияның Ноттингем университеті жайында қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар академиялық жазудың ерекше тұстарын өзінің зерттеулері негізінде түсіндірді. Оқу тілі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілді.

Дәріс барысында Шакизада Ниязбекова білім алушыларға  тақырыпты жеткізудің практикалық маңыздылығына ерекше мән беріп, кейс немесе ситуациялық жағдайлар арқылы шешілу жолдары, технологияларын ұсыну мәселелерін талқылады.