Среда, Июль 24, 2024
Басты > Білім > Студенттерге оқуға жеңілдіктер берілді

Студенттерге оқуға жеңілдіктер берілді

Жұбанов университетінде студенттерге оқу ақысына 25 пайыздан 100 пайызға дейінгі жеңілдіктер беру бойынша сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Мұндай сертификаттарға әлеуметтік жағдайына байланысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен отбасылардан шыққан, сонымен қатар қазақстандық диаспораның өкілдері, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері, оқуда үздік үлгерім көрсетіп жүрген студенттер ие болды.

Жиында барлығы 339 студент оқу ақысына жеңілдіктер алды.

Айта кетейік, Жұбанов университетінің негізгі басым бағыттарының бірі — білім алушыларды әлеуметтік қолдау.