Воскресенье, Июль 21, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов студенттері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Жұбанов студенттері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

«Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Саусақ ұшындағы инклюзия» атты республикалық байқауда педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің студенттері жүлделі 2-орынға ие болды.

«Арнайы педагогика» білім бағдарламасының 3-курс студенттері Инабат Абдикалыкова және Сымбат Асылбек «Жеті лақ» ертегісінің тактильді кітап үлгісін Брайль жүйесінде жазып шықты. Білім алушылардың күрделі әрі өте қажетті жұмысты дайындауына факультеттің аға оқытушылары Майра Балтымова мен Жанна Оразова жетекшілік етті.

Республикалық байқау Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Байқауға еліміздің әр аймағынан 80-ге жуық жоба қабылданды. Студенттеріміз әзірлеген тактильді кітап облыстық кітапханаға тапсырылды. Оқырман “Жеті лақ” ертегісін сол жерден оқи алады.