Воскресенье, Апрель 21, 2024
Басты > Білім > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі (ARQA) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2023 жылғы 10-11 қараша аралығында өтеді.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 6B01503-Информатика;
  • 6В04202-Құқық және құқық қорғау қызметі;
  • 6В04203-Құқық және бизнес;
  • 6В05203-Ландшафттық жобалау;
  • 6В11302-Кешенді көліктік логистика;
  • 7М01101-Педагогика және психология;
  • 7М01501-Математика;
  • 7М01502-Физика;
  • 7М07106-Электроэнергетика;
  • 8D02303-Шетел филологиясы.

Аталған рәсімді агенттік тарапынан тартылған отандық және шетелдік сарапшылар сараптау тобы жүзеге асырады. Сарапшылар тобының жетекшісі: Мырзагалиева Анар Базаровна (Астана халықаралық университеті, Астана қ.). ARQA өкілі: Наби Ыскак Айткулович (директор кеңесшісі, Астана қ.).

Сарапшылар: Шерьязов Сакен Койшыбаевич (Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті, Челябинск қ., РФ), Дарбаева Динара Кайратовна (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл қ.), Сарбасова Карлыгаш Амангельдиновна (Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты, Алматы қ.), Байгундинов Ельдос Нагымбаевич (Alikhan Bokeikhan University, Абай қ.), Салауатова Динара Муслимовна (Қазтұтыну одағы Қарағанды универтитеті, Қарағанды қ.), Сарсекова Дани Нургисаевна (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ.), Муканов Руслан Батырбекович (Satbayev University, Алматы қ.), Скабаева Гульмира Несипбаевна (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ.), Жумабекова Бейбытнур Капаровна (Торайғыров университеті, Астана қ.), Ибишев Умирбай Шарбекович (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ.), Турмаганбетова Асемгул Абдигалиевна (Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Ақтөбе қ.), Дуйсенова Ақнүр  Мейірханқызы (Баишев Университеті, Ақтөбе қ.)

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.