Воскресенье, Апрель 21, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түркиялық ғалым бір айлық дәріс өткізеді

Түркиялық ғалым бір айлық дәріс өткізеді

Жұбанов университетіне халықаралық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркиялық ғалым Даниял Исрафилзаде Магомедоглы келді.

Балыкесир Университетінің профессоры физика-математика факультетінің магистранттарына бір ай бойы дәріс оқиды.  Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттарға ғылыми семинар өткізетін болады. «Комплексті жазықтық аймақтарындағы қатарлардың аппроксимациялық қасиеттері», «Нақты осьтегі және комплексті жазықтық аймақтарындағы функциялардың жуықтау теориясы», «Гармоникалық талдау» тағы да басқа бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесімен бөліседі.

Профессор Даниял Исрафилзаде Магомедоглы 1985 жылдан бастап Америкалық Математикалық Қоғам мүшесі.

Approximations by matrix transformations in generalized Lebesgue spaces, Inequalities in variable Lebesgue spaces, Approximation problems in generalized Lebesgue spaces жобаларына жетекшілік жасайды.

Әзірбайжан математика журналы,  Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы, Әзірбайжан ҰҒА Математика және механика институты, Хазар математика журналы және қазіргі математика журналдарының редакторы қызметін атқарып келеді. Ғылыми жетекшілігімен 12 магистрант, 8 докторант қорғап шықты.