Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар > Польшалық суретші К.Бабкевичтің көрмесі өтеді

Польшалық суретші К.Бабкевичтің көрмесі өтеді

14.12.2017

Университетімізде 14 желтоқсан күні халықаралық ынтымақтастық аясында «Дизайн» және «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту» кафедраларының ұйымдастыруымен Польшалық суретші Казимеж Бабкевичтің графикалық жұмыстарының көрмесі өтеді.

Казимеж Бабкевич – Польша суретшілер одағының мүшесі, оның 70-тен астам жеке және 100-ден астам топтық көрмелері Германия, Булгария, Ресей, Дания елдерінде ұйымдастырылған. Казимеж Бабкевичтің әртүрлі техникалармен пейзаж, натюрморт, портрет, сатира, экслибрис жанрларында салынған суреттері бар.

Көрменің кураторы Марзия Жақсығарина.

Өтетін орны: Бас ғимарат. 1 этаж, 123 аудитория. Сағат 11:00