Пятница, Сентябрь 13, 2024
Басты > Білім > Ортақ мақсат — сапалы біліммен қамтамасыз ету

Ортақ мақсат — сапалы біліммен қамтамасыз ету

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облыстық білім басқармасының өкілдері оқу орнының басшылығымен кездесті.

Кездесуде білім саласындағы негізгі мәселелер, жоғары оқу орнымен мен жалпы білім беретін мекемелер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өңірдегі кадр жетіспеушілігінің алдын алу жайында талқыланды.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешуде университетпен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.
— Біздің жұмысымыз сіздермен тығыз байланысты. Ортақ мақсатымыз — саналы ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ету және рухани тәрбие беру. Өңірді мамандармен қамтамасыз ететін жетекші оқу орны ретінде сіздермен бірлесе жұмыс жасауға әркез ашықпыз. Жасыратыны жоқ, мектептерде мұғалімдер жетіспей жатады. Әсіресе, ағылшын, бастауышта білім беру, биология, география, дене шынықтыру, бастауыш сыныптарға орыс тілі пәнінен сабақ беретін мамандар тапшы,- дейді облыстың бас педагогі.

Өз кезегінде университет өкілдері педагогикалық мамандықтарды қабылдауда талаптар жоғарылағанын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар кәсіби бағдар беру жұмыстарын одан әрі жетілдіру, дуалды білім беру жүйесін жолға қою, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін сапалы ұйымдастыру, кадрге қажеттілікті болдырмау үшін аудандық білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнату мәселелерін талқылады.