Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ биологтардың функционалдық сауаттылығы сыналды

Болашақ биологтардың функционалдық сауаттылығы сыналды

Жаратылыстану факультетінің «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас педагог» мектебі мүшелері арасында «Студенттердің функционалдық сауаттылығын тексеру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізуден байқау өтті. Байқауға жаратылыстану факультетінің деканы М.Ж.Махамбетов, қосымша білім беру орталығының əдіскерлері, оқытушылар құрамы және 1 — 4 курс студенттері қатысты.

Байқауда «Биология» мамандығының студенттері бақ сынады.  Олар биология саласына байланысты таңдаған тақырыптары бойынша қызықты етіп шеберлік сабақтарын өткізе білді. Нәтижесінде барлық қарсыластарынан біліктілігімен басым түскен 4-курс студенті Ырысты Мұратова бірінші орынды иеленді. Екінші орынды 1-курс студенті Жеңіс Қалыбаев жеңіп алса, үшінші орын 2-курс студенті Сүндет Елтезеровке бұйырды. Жеңімпаздар Мақтау қағаздарымен марапатталды. Қалған қатысушыларға Алғысхаттар табыс етілді.

Жаратылыстану факультетінің деканы Мұрат Жарақұлы бұл байқаудың студенттердің зерттеушілік дағдыларын ұштай түсуіне, тəжірибе алмасуда тəлімі мол екеніне тоқтала келіп, «Жас педагог» мүшелеріне, жетекшілері мен оқытушыларға шығармашылық табыс тіледі.