Среда, Май 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Динара Аяпова — Әлем чемпионатының жүлдегері

Динара Аяпова — Әлем чемпионатының жүлдегері

Албанияда 20-25 қараша аралығында жастар мен ересектер арасындағы аралас жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті.

Тиранға әлемнің 49 елінен 550-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстан атынан 40-қа жуық спортшы қатысты.

Чемпионатта Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Динара Аяпова жүлделі екінші орынды иеленді.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!