Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде алғашқы смарт хоум «Жастар үйі» ашылды

Ақтөбеде алғашқы смарт хоум «Жастар үйі» ашылды

Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің заманауи жатақханасы 500 адамға арналған.

100 орын оқу орнының жас мамандарына беріледі. Сонымен біргемагистратурада білім алып жүрген жастар да осында орналасады. Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында студенттер жаңа нысанға көшті.

3-ші курс студенті «Жастар үйіне» орналасты. Жарық, жылы, бар жағдайы жасалған бөлмеде тұратынына қуанып жүр. Мұнда қажетті жиһаздың бәрі бар. 6 студентке бір жуынатын бөлме қарастырылған.

Нұргүл Жәнібек, 3-ші курс студенті:

– Жалпы еліміздің болашағыжастар деп жатыр. Ал осы жастарға жасалып жатқан жақсы жағдайлар бізді әрдайым шабыттандырып келеді, шабыттандыра береді, жігерленіп, өзімізге деген сенімімізді арттырады. Студенттік өмірімізде білім алуға және басқа да жағдайларға мүмкіндік беретін үлкен қоныс тойы болып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Тегін ғаламтор желісі.

9 қабатты зәулім үйді салуға университет өз бюджетінен 1 млрд теңге қаржы жұмсаған. Құрылысқа 80 пайыз жергілікті материалдар қолданылған. Жиһазды да жасаған – отандық кәсіпорындар. Мұнда кең асхана, смарт оқу залы, демалыс бөлмесі мен тренажор залы бар. Яғни студенттер сапалы білім алу үшін бар жағдай жасалған.

Ғұсман Елжанов, мердігер кәсіпорын басшысы:

– Былтырғы жылдың қараша айында басталып, биылғы жылдық қараша айында өз мерзімінде аяқтадық. Медпункт орналасқан, кітапханасы бар, оқу залы бар, және де санузел ішінде, бұрынғы типтік емес, жаңадан жасалған жобамен жатақананы салдық.

Мемлекеттік университетте 8000-нан астам студент білім алып жүр. Олардың 80 пайызы – сырттан келгендер. Заманауи жатақанаға сол өзге елдер мен өңірлерден келген жастар қоныстанады. 100 орын университеттің жас мамандарына беріледі.

Жайнагүл Қартпаева, универсиеттің әлеуметтік істер жөніндегі департаментінің басшысы:

– 500-ге жуық орын. Соның жүзі жас ғалымдарға арналған, жүзі магистрларға арналған, үш жүзі түкпір-түкпірден, Қазақстанның әр жерінен келген студенттер орналасады. Мысалға айтатын болсақ, Тараз қаласынан, Атыраудан, Шымкенттен, Маңғыстаудан, осылай жатақанаға сұранысы бар студенттерді орналастырамыз.

«Жастар үйі» – заманауи талаптарға сай тұрғызылған өңірдегі алғашқы ғимарат. Оқу орны Тәуелсіздік жылдарында қарқынды дамып, көп жетістікке жетті. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелден ұстаздар келіп, студенттерге дәріс оқып жүр.

Авторлар:

Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

источник