Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Құттықтаулар > Қ.Жұбанов университеті өз түлектерімен мақтанады!

Қ.Жұбанов университеті өз түлектерімен мақтанады!

Университет ұжымы әрдайым өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады. Олардың қатарында жоғары лауазым иелері ғана емес, республика мен халықаралық деңгейде қоғамдық беделі мен кәсіби шеберлігі жоғары, нағыз маман иелері.

Бүгін Жұбанов университеті тарих факультетінің түлегі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлзат Ізбасарқызы Көбенованы жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды!

Өзінің ғылыми-педагогикалық еңбек жолын университет қабырғасында оқытушылық қызметінен бастап, ол білім және ғылым саласында лайықты еңбек етіп келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры лауазымына тағайындалған жаңа қызметімен құттықтаймыз!
Университет ұжымы шығармашылық табыстар мен қызметіңізге өрлеу тілейді! «Жұбановшылардың» әр жетістігі – біздің мақтанышымыз!