Среда, Май 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Жұбанов университетінде Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында классика және блиц түрлерінен Қазақстан Республикасының командалық чемпионатының ашылу рәсімі өтті.

Ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров, Спорт және Дене шынықтыру комитеті, Республикалық ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және басқару бөлімінің басшысы Кенжебек Күзенбаев, Ақтөбе облыстық тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Сабыржан Мұхтаров, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Абдукаримов қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Республикалық додада Абай облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Түркістан облысы және Ақтөбе облысының құрама командалары өзара бақ сынайды. Жарыс 12 желтоқсанға дейін жалғасады.