Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ауыл шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды

Ауыл шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды

Жақында университеттің экономика және құқық факультетінің  «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ауыл шаруашылығының дамуының перспективалық бағыттары және дағдарысқа қарсы басқару ерекшеліктері: жаңа көзқарас» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге профессор Х.Х.Кусаинов, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы «Ветеринариялық іс-шараларды талдау, болжау және ветеринариялық есеп» бөлімінің басшысы И.О.Базаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  Ақтөбе филиалы директоры Г.Қ.Ергазина, «Ақтөбе» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары М.Д.Аккагазов, «Аграрлық несиекорпорациясы» АҚ АФ директоры Д.Б.Бекбауова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АФ құзыреттілікті жоғарылату бағдарламасы бойынша бас менеджері Ә.М.Сабыр, «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының маманы Б.Султанбеков, сонымен қатар экономика және құқық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел мақсаты өңірдің ауыл шаруашылығының экономикалық дамуы мен дағдарысқа қарсы басқарудың өзекті мәселелері бойынша білім беру, ғылым, өндіріс және бизнес сферасының өкілдерімен пікір алмасуға арналды.

Жиын барысында аймақтағы ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына шолу, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті жүргізу ерекшеліктері, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау және қаржыландыру шаралары, Ақтөбе облысының  ауылшаруашылық құрылымдарына арналған дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын жүзеге асыру, АӨК-тегі бизнес-жобаларды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АФ арқылы қаржыландыру мәселелері қаралып, оны шешу жолдары ұсынылды.