Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алтайлық профессор А.Куляпин студенттермен кездесті

Алтайлық профессор А.Куляпин студенттермен кездесті

Жұбанов университетінің филология факультеті «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен танымал ғалым-филолог, филология ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Александр Куляпинмен  кездесу өткізілді.

Қазіргі таңда Александр Иванович академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізде студенттерге дәріс оқуда.

«Профессордың өмір жолы» деген жалпы тақырыппен өткен кездесу барысында кафедра оқытушысы Ирина Спивак-Лавров профессордың өмірлік жолы, шығармашылығына тоқталды. 4 курс студенттері Александр Куляпинге арнап мазмұнды және қызықты презентация жасады. Презентацияда ғалымның қазақстан ғылымымен байланысы жайында айтылды. Александр Куляпин 2007 жылы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанындағы Диссертациялық кеңестің мүшесі болған. Профессордың кафедрада жұмыс жасайтын кейбір әдебиеттанушы оқытушылардың кандидаттық диссертацияларын қорғауда арнайы сарапшысы болғанын да атап өтуге болады.

Кездесу Алтайлық ғалымның әсерлі әңгімесімен жалғасты. Ол өз өмірінің маңызды тұстарына тоқталып, журналистік қызмет атқарған жылдардағы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ғылым жолына қалай келгендігі жайында әңгімеледі.

Кездесуге қатысқан кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер профессорға қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

Кеш соңында жиналғандар тағылымды кездесу үшін профессор А.Куляпинге алғыстарын білдірді.