Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде 80 оқытушы арнайы оқыту курсынан өтеді

Жұбанов университетінде 80 оқытушы арнайы оқыту курсынан өтеді

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқытушыларға арналған «Білім беру бағдарламасын масштабтау» тақырыбында оқыту курсы басталды. Курс ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің қолдауымен «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіліп отыр.

Оқыту курсы онлайн және офлайн форматта 5 қаңтар мен 30 сәуір аралығында кезең-кезеңімен жоспарланған. Университет базасында 26 қаңтарға дейін 80 оқытушыға білікті профессорлар тарих ғылымдарының докторы Гүлбану Избасарова және педагогика ғылымдарының кандидаты Виктория Исламгалиева әзірленген білім беру бағдарламасын масштабтау бойынша оқытуды жүргізеді.

Курс барысында қатысушылар үздік халықаралық тәжірибелерді қолдану, инновациялық жобалық білім бағдарламалары шеңберінде силлабустарды әзірлеу, зерттеулерге негізделген педагогикалық білім, білім берудегі цифрландыру және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту, инклюзивті білім беру және білім алушылардың әртүрлі санаттарын тану, пәнаралық оқыту тағы басқа дағдыларды дамытады.

Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жұбанов университетінің оқытушыларына аталмыш оқыту курсында білім алуға  59 квота бөлді. Сонымен қатар университет базасында жергілікті оқу орындарының оқытушылары да оқиды.