Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Поляк суретшісінің көрмесі ашылды

Поляк суретшісінің көрмесі ашылды

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Польшаның атақты суретшілерінің бірі Казимеж Бабкевичтің көрмесі ашылды. Оның «Көз жасы аралас күлкі» тақырыбындағы экспозициясы көптің назарына ұсынылды. Қылқалам иесі 40 жыл бойы шығармашылықпен айналысып келеді. Орта жасқа таяған шағында Казимеж графика жанрымен әуестеніп, мыңдаған көрерменге басқа жағынан танылған. Көрмені тамашалаған оқу орнының студенттері мен ұстаздары шебердің туындыларымен алғаш танысып отыр. Әрі қарай оның шығармашылығын тәжірбиемен ұштастырамыз деп отыр. Айтып өтейік, көрме 2018 жылдың 10-шы ақпанына дейін жалғасады.

источник