Понедельник, Май 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде Ақсақалдар Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жұбанов университетінде Ақсақалдар Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жиында 2023 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі қорытындыланып, алдағы жоспарлар бекітілді. Күн тәртібінде түрлі мәселелер қаралып, кеңес мүшелерінің қатары екі адаммен толықты.

Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Жайшылық Сартабанов университеттің маңызды мәселелерін шешуде және жастарға бағыт-бағдар беруде кеңес мүшелерінің рөлі үлкен екенін атап өтті.
— Ақсақалдар тарапынан ұсыныстар алу мақсатында университет ректорының нұсқауымен бірнеше мәжіліс өтті. Мемлекет басшысының үндеулерін талқылауда, Хериот-Уатт филиалының ашылуы барысында, ардагер ұстаздардың мерейтойын атап өтуде кеңес мүшелері өз үлестерін қосты. Жастарға білім беріп, тәрбиелеп қана қоймай, оларға бағыт-бағдар көрсету – біздің басты парзымыз, — деді кеңес төрағасы.

Мәжілісте Ақсақалдар Кеңесі төрағасының орынбасарлығына профессор Бауыржан Жүнісов және кеңестің хатшылық қызметіне ардагер-ұстаз, доцент Әлия Базарғалиеваны тағайындау бірауыздан мақұлданды.