Пятница, Сентябрь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Zhubanov university ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субьектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді

Zhubanov university ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субьектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді

Жұбанов университетіне «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субьектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелген куәлік берілді.

Куәлік арқылы ұйым мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландыратын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысу құқығына ие.

Аккредиттеу туралы шешім мекеменің ғылыми-техникалық әлеуеті, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер деңгейі, олардың нәтижелерін практикалық игеру ауқымы, жоғары білікті ғылыми қызметкерлерді даярлау, ғылыми ұйым қызметінің жарғылық міндеттеріне сәйкестік дәрежесі туралы бір мәнді қорытындылар негізінде шығарылды.

Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ербол Шабанов бұл аккредитация университеттің одан әрі дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. «Бұл серіктестер шеңберін кеңейтуге, ғылыми зерттеулерді дамытуға және білім алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады», — дейді ол.