Понедельник, Май 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Серіктес компаниялармен үстел теннисінен турнир өтті

Серіктес компаниялармен үстел теннисінен турнир өтті

Жұбанов университеті және жергілікті серіктес Қытай компаниялары қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Жарысқа «СНПС Ақтөбемұнайгаз», «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы, «Кэсюнь» компаниясының қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар өзара командаларға бөлініп, қызықты ойын көрсетті.

Спорттық доданы университет жанындағы Конфуций институты ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұқаралық спортты дамытуда, серіктес компаниялармен ынтымақтасты арттырып, ұжымдық атмосфера қалыптастыруда мұндай шаралардың маңызы зор.

Турнир қорытындысы бойынша шеберлігі мен жоғары кәсібилігін көрсеткен қатысушылар мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды.