Среда, Май 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенті Қазақстан Республикасы Чемпионатында «алтын» және «күміс» медаль иеленді

Жұбанов университетінің студенті Қазақстан Республикасы Чемпионатында «алтын» және «күміс» медаль иеленді

Өскемен қаласында нашар еститін спортшылар арасында Республикалық жарыс өтті. Чемпионат 400, 800 метр қашықтықта және эстафеталық жүгіру (4×400) бойынша өткізілді.

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің 3 курс студенті Ерлан Сүйеалиев 800 метр қашықтықта және эстафеталық жүгіруде қарсыластарынан басым түсті. Сондай-ақ 400 метр қашықтықта жүгіруден жүлделі 2 орынға ие болды.

Ерлан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқиды. Жас спортшы 20 жылдан астам уақыт бойы спортпен шұғылданып келеді. 400, 800 және 1500 метрге жүгіру арқылы сурдо жеңіл атлетикадан спорт шебері атағына ие. Ол бірнеше рет нашар еститін спортшылар арасында облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың чемпионы атанды.

Жұбанов университеті жеңімпаз студентті жүлдесімен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тілейді!