Воскресенье, Апрель 21, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ортақ мүдде — ел мүддесі

Ортақ мүдде — ел мүддесі

Үмбетқан СӘРСЕМБИН,

философия ғылымдарының кандидаты,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі. 

— Президенттің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев мемлекет, қоғам алдында тұрған түйткілді мәселелерді көрсетіп,Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Алқалы жиында ел экономикасын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды күшейту, мемлекет қаржысын үнемдеу, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару, барлық мәселені әділетті түрде шешу және басқада өзекті мәселелер айтылды. Мемлекеттің негізгі капиталы — адам, халықтың денсаулығы мен әлеуметтік тұрмысы екендігі белгілі. Осы бағытта қолға алынған,бірақ әлі толық нәтиже бермей жатқан нәрселер көп. Соның біразы —білім беру, денсаулық, экология, шаруашылық, жол құрылысы салаларына қатысты мәселелер. Мемлекет басшысы қала және ауылдық жерлерде мектеп, медициналық қызмет көрсетуге арналған орындардың құрылысын аяқтауды тапсырды. Халықтың Үкіметтен күтетіні де осылар.Шаруашылыққа қолайлы жағдай жасалса, мектеп, медициналық пункт секілді әлеуметтік саланың мекемелері болса, ауызсу, көгілдір отын болса, жол жөнделсе,халыққа басқасының керегі жоқ, өз тірлігін, өз кәсібін жасай береді.

Қабылданған реформалар тез арада жүзеге асырылып, нәтиже беруі керек. Сонда ғана мемлекетті нығайта аламыз.

Үкімет отырысында бұдан да басқа мәселелер айтылды. Қордаланған мәселе көп, оның барлығы халықтың тұрмысына, әлеуметтік жағдайына да кері әсер етіп жатыр. Соның ішінде жол мен әлеуметтік мекемелердің құрылысы тез аяқталуға тиіс. Суды да үнемдеуді үйренуіміз керек. Абайдың «Кімде-кім жаман болса, замандастарының бәрі жауапты» деген сөзі бар, қазір қол қусырып, бос отыратын, бос жүретін заман емес. Қай салада болмасын әр адам өз міндетін адал атқаруға тиіс. Кейінгі ұрпаққа қалдыратынымыз осы елғана. Ал елді қорғайтын бір адамғана емес, сол елдің барлық тұрғыны. Президент осыны айтып отыр, бүгінгі біздің істеген ісіміздің жемісін ертеңгі ұрпақ көреді. Президенттің қабылдаған реформаларының мақсаты —  тәуелсіздікті нығайтып, елді барынша күшейту. Ортақ мүдде үшін бәріміз бірге әрекет етуіміз қажет.

//aqtobegazeti.kz/